Қабылдау комиссиясы жұмысшы мамандығын таңдаған абитуриенттердің өтініштерін қабылдап, сұхбат өткізеді.
Білім алушылар құрамына қабылданғандар келесі құжаттарды өткізеді:
• Өтініш; • Аттестат (түпнұсқа); • № 075-У медициналық анықтамасы (І және ІІ топ мүгедектерге және бала күнінен мүгедектер үшін медико – әлеуметтік сараптама қортындысы форма № 031-У ); • 4 фотосурет (3*4); • Жеке куәлік көшірмесі немесе туу туралы куәлік және ЖСН көшірмесі. |
Мемлекеттік білім беру тапсырмасы бойынша оқитын студенттер тегін жатақханамен және 1 реттік ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі.
Техникалық мамандық игергісі келетіндердің барлығы 21787 теңге көлемінде шәкіртақы алады.
Басқа елді мекендерден келген студенттерге жылына 2 рет (каникул кезінде) жолақы (2 АЕК) төленеді.