Колледж туралы жалпы ақпарат
«Ғалым Жарылғапов атындағы Аграрлық колледжі» КММ Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің 1960 жылғы 3 наурызда Жаңаарқа ауданы Жаңаарқа кентінде №178 Ауыл шаруашылығын механикаландыру училищесімен құрылды. Училищеге аудандық машина жөндеу станциясынан екі шеберхана, 2 ДТ-54 тракторы, 1 СК-6 тіркеме комбайны, 1 ГАЗ-51 автомашинасы бөлінді.
1973 жылы Жезқазған облысының құрылуына байланысты №178 ауылдық кәсіптік-техникалық училище №12 кәсіптік-техникалық училище болып қайта құрылды.
1979 жылы Қазақ КСР мемлекеттік кәсіптік-техникалық білім беру комитетінің шешімімен училище орта кәсіптік-техникалық училище болып қайта құрылды.
1980 жылдың қазан айында 720 оқушыға арналған жабдықталған оқу кабинеттері бар үш қабатты оқу корпусының ғимараты пайдалануға берілді. 1980 жылы жас ұрпақты тәрбиелеудегі жемісті жұмысы үшін училищеге «Қазақстанның Лениндік комсомолы» лауреаты сыйлығының Құрметті атағы берілді.
1980 жылы Бүкілодақтық социалистік жарыстың қорытындысы бойынша училище ауылдық кәсіптік-техникалық училищелер арасында жеңімпаз деп танылып, дипломмен және «Бүкілодақтық Орталық кәсіподақтар одағы Кеңесі» лауреаты сыйлығының атағымен марапатталды.
1996 жылдың ақпан айында ауданда үш оқу орны бұрынғы №12 кәсіптік-техникалық училище, Мектепаралық оқу-өндірістік комбинаты және Ғалым Жарылғапов атындағы спорт мектебі біріктіріліп, Ғалым Жарылғапов атындағы № 12 кәсіптік-техникалық мектеп құрылды.
2010 жылдың қаңтар айында Қарағанды облысы әкімінің Қаулысымен Ғалым Жарылғапов атындағы №12 кәсіптік-техникалық мектеп Ғалым Жарылғапов атындағы №12 кәсіптік лицей болып өзгертілді.
2013 жылдың мамыр айынан бастап Ғалым Жарылғапов атындағы №12 кәсіптік лицей Ғалым Жарылғапов атындағы Аграрлық колледж болып өзгертілді.
Ведомстволық тиесілігі – Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі.
Меншік нысаны – мемлекеттік.
Негізгі қызмет түрі – білім беру.
Колледждің заңды мекенжайы: Ұлытау облысы, Жаңаарқа ауданы, Жаңаарқа кенті, Б.Күжікенов көшесі, 1.
Индекс: 100500
телефон/факс: +7 (71030) 2-61-56
электронды пошта:
колледж сайтының мекен-жайы: https://janaarkacollege.edu.kz/kz/
Уәкілетті орган: Ұлытау облысының білім басқармасы болып табылады. Колледж Білім беру қызметін «Ұлытау облысының білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің, «Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің Білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету Комитетінің» бұйрығы негізінде берілген 01.02.2023 жылғы №KZ96LAA00033393 мемлекеттік лицензиясы негізінде келесі мамандықтар бойынша жүзеге асырады:
07161300 Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану, оқу мерзімі 2 жыл 10 ай., 1 жыл 10 ай., 10 ай.;
3W07161301 автокөлік жөндеу слесарі;
3W07161303 автомобиль көлігін жөндеу шебері
071600 Ауыл шаруашылығын механикаландыру, оқу мерзімі 2 жыл 10 ай.,1 жыл 10 ай., 10 ай.;
3W07161603 Ауыл шаруашылығы өндірісінің тракторшы-машинисі;
3W07161601 Слесарь-жөндеуші
07230100 Тігін өндірісі және киімді модельдеу, оқу мерзімі 2 жыл 10 ай.1 жыл 10 ай.,10 ай.;
3W07230101 Тігінші;
3W07230102 Арнайы тігінші.
06120100 Есептеу техникасы және ақпараттық желілер (түрлері бойынша), оқу мерзімі 1 жыл 10 ай,10 ай.;
3W06120101 Компьютерлік аппараттық қамтамасыз ету операторы