Білім мен кәсіп ұштасса, ауыл ажары кіреді
Кіру
AA+
Білім мен кәсіп ұштасса, ауыл ажары кіреді
AA+
  • Біз туралы
  • Мемлекеттік қызметтер
  • Нормативтік құқықтық актілер
  • Ар-намыс кодексі
  • Байланыс, сенім телефоны
  • КОЛЛЕДЖ
  • БІЗДІҢ ҰЖЫМ
  • БІЛІМ
  • ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫ
  • ӨНДІРІСТІК ОҚЫТУ
  • ТАЛАПКЕРГЕ
  • СТУДЕНТТЕРГЕ
  • +7 (777) 777-77-77

    Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/janaarkacollege.edu.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
    Вход в аккаунт kz

    Студенттің анықтамалық нұсқаулығы

    МАЗМҰНЫ

    1. Колледж туралы жалпы мәліметтер
    2. Колледждің қысқаша тарихы
    3. Колледж ұжымы
    4. Оқытуды ұйымдастыру
    5. Мамандықтар
    6. Оқу кабинеттері мен зертханалар
    7. Сабақ кестесі
    8. Студенттердің білімін бағалау
    9. Шәкіртақы тағайындау туралы
    10. Студенттердің этикалық ұстанымдары және тәртіп ережелері
    11. Үйірмелер, секциялар

    Колледж туралы жалпы мәліметтер

    Ғалым Жарылғапов атындағы Аграрлық колледжі студентінің анықтама-жолсілтемесі Сіздің студенттік өміріңізде алғашқы көмекшіңіз болып табылады. Анықтамадан колледж туралы мәліметтерді, оқытудың кредиттік технологиясы, білімді бағалау ерекшеліктері, өзіңіздің құқығыңыз бен міндеттеріңіз, білім алушы тәртібінің ережелері, спорттық және жастар ұйымдары туралы ақпарат таба аласыз.
    Колледждің заңды мекенжайы: Ұлытау облысы, Жаңаарқа ауданы, Жаңаарқа кенті, Б.Күжікенов көшесі, 1.
    Индекс: 100500
    Телефон/факс: +7 (71030) 2-61-56
    Электронды пошта: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
    Колледж сайтының мекен-жайы: https://janaarkacollege.edu.kz/kz/
    Facebook: https: //www.facebook.com/profile.php?id=100028753728293
    Instagram: https: //www.instagram.com/zhanaarka_agra_kolledzh/
    Уәкілетті орган: Ұлытау облысының білім басқармасы

    Колледждің қысқаша тарихы → https://janaarkacollege.edu.kz/biz-turaly.html

    Колледж ұжымы → https://janaarkacollege.edu.kz/kolledzh-gymy.html

    Оқытуды ұйымдастыру
    1. Оқу процесі әр мамандық бойынша әзірленген оқу жұмыс жоспарлары мен бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылады.
    2. Оқыту модульдік және дуальды оқыту түрлері бойынша жүргізіледі.
    3. Оқыту заманауи, кәсіби жабдықтарда оқу кабинеттері мен зертханаларда жүргізіледі.
    4. Мамандықтары бойынша студенттер өндірістік оқыту және кәсіптік практикадан өтеді.
    5. Қорытынды аттестаттау Демонстрациялық емтихан тапсыру арқылы білім алушы меңгерген кәсіби құзыреттіліктерін іс жүзінде көрсетеумен жүзеге асырылады.

    Мамандықтар

    № Мамандық коды Мамандық атауы Біліктілік коды Біліктілік атауы
    1. 071613000 Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану 3W071161301 Автомобиль жөндеу слесарі
    3W07161303 Автомобиль көлігін жөндеу шебері
    2. 07161600 Ауыл шаруашылығын механикаландыру 3W07161601 Жөндеуші - слесарь
    3W07161603 Ауыл шаруашылығыны өндірісінің тракторист-машинисі
    3. 06120100 Есептеу техникасы және ақпараттық желілер (түрлері бойынша) 3W06120101 Компьютерлік аппараттық қамтамасыз ету операторы
    4. 07230100 Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу 3W07230101 Тігінші

    3W07230102 Арнайы тігінші

    Оқу кабинеттері мен зертханалар https://janaarkacollege.edu.kz/biz-turaly/materialdyk-tekhnikalyk-baza.html

    Сабақ кестесі → https://janaarkacollege.edu.kz/oku-rdisi/oku-toptary.html

    Студенттердің білімін бағалау

    Кредиттік оқыту технологиясын бағалау – бұл оқу нәтижелерін студенттің меңгерген білімін, дағдылары мен құзыреттіліктерін жүйелі түрде анықтау және бағалау. Бұл жүйеде бағалау балдық-рейтингтік әдіс арқылы жүзеге асырылады:
    1. Ағымдағы бақылау: Дәрістер, практикалық сабақтар немесе семинарлар кезінде студенттің тапсырмаларды орындау деңгейін тексеру. Тапсырмалар: тестілер, есептер, жобалар, эсселер, презентациялар және т.б.
    2. Аралық бақылау: Әрбір пәннің модулі немесе тақырыбы аяқталған соң жүргізіледі. Бағалау әдістері: коллоквиумдар, рефераттар, тестілер немесе бақылау жұмыстары.
    3. Қорытынды бақылау (емтихан): Семестр соңында пән бойынша студенттің жалпы жетістігін бағалайды. Емтихан түрлері: жазбаша, ауызша, тестілік немесе практикалық тапсырмалар.

    Әріптік жүйе бойынша бағалау Балдардың сандық эквиваленті Пайыздық
    мазмұны Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау
    А 4 95-100 Өте жақсы
    А- 3,67 90-94
    В+ 3,33 85-89 Жақсы
    В 3 80-84
    В- 2,67 75-79
    С+ 2,33 70-74 Қанағаттанарлық
    С 2 65-69
    С- 1,67 60-64
    D+ 1,33 55-59
    D 1 50-54
    F 0 0-49 Қанағаттанарлықсыз

    Шәкіртақы тағайындау туралы

    Студенттерге шәкірақы тағайындау "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңына, "Білім беру ұйымдарында білім алушылардың жекелеген санаттарына мемлекеттік стипендиялар төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы № 116 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 10 қазандағы № 799 қаулысына сәйкес жүргізіледі.

    Студенттердің этикалық ұстанымдары және тәртіп ережелері

    1. Өзара сыйластық. Студент инженер – педагогтарға, қызметкерлерге, басқа студенттерге деген өзара әдептілікті және сыйластықты сақтауы тиіс.
    2. Адалдық. Оқу үрдісінің тәртібін бұлжытпай сақтауға міндетті. Оқу сабақтарына қатысып, оқу жоспары мен білім беру бағдарламасында қарастырылған тапсырмалардың барлық түрлерін белгіленген мерзімде орындауға міндетті. Студент оқуда жоғары деңгейге жету үшін өзіне қатысты барлық мүмкіндікті жасауы тиіс.
    3. Тәртіптілік. Студент таза киініп, тәртіпті болуға міндетті. Оқу ғимаратында сырт киіммен жүруге тыйым салынады. Оқу ғимараттарында оқу үрдісіне кедергі келтіретін қатты әңгімелесу, шу және басқа әрекеттерге тыйым салынады.
    4. Тиянақтылық. Студенттерге сабақ басталғаннан кейін үзіліс болғанша, дәрісханаға кіруге рұқсат етілмейді. Сабақ үстінде дәрісханадан кіріп-шығып жүруге жол берілмейді.
    5. Белсенділік. Студент колледждің оқу, қоғамдық, спорттық өміріне белсене араласуы тиіс.
    6. Ұқыптылық. Материалдық меншікке ұқыпты және тиянақты қарауға міндетті. Колледж ғимараттарының, оқу кабинеттерінің, зертханалардың, жатақхананың жиһаздары мен басқа да құралдарын бүлдірмеуге жауапты. Студент кітапхана қорына ұқыпты қарауы тиіс.
    7. Жауапкершілік. Колледж жарғысына сәйкес студенттердің белгіленген құқықтары мен міндеттері бар, осы Кодекстің тәртіп ережесін сақтау үшін жеке жауапкершілік жүктеледі.

    Үйірмелер, секциялар → https://janaarkacollege.edu.kz/tarbie-zh-mystary/jirmeler.html