Дуалды оқыту жүйесі туралы ақпарат
«Дуалды оқытуды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 21 қаңтардағы № 50 бұйрығы (ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 29.05.2024 № 128 өзгерістермен) іске асырылады.
Дуалды оқыту жүйесі дегеніміз - теорияны өндіріспен ұштастыра оқыту технологиясы. Оқу үрдісіне дуальды оқыту жүйесін енгізу арқылы күтілетін нәтижелер:
- Теория мен тәжірибе сабақтары арасындағы алшақтық жойылады;
- Түлектердің жұмысқа орналасу мәселесі оң шешемін табады;
- Оку орыны жұмыс берушінің болашақ мамандарға деген талаптарын үнемі ескеріп отырады;
- Жұмыс берушілер өндіріс талабына сай білім алушыларға қойылатын біліктілік талаптарды дайындауға, кәсіптік стандарттарды, дуалды оқу жүйесі бойынша модульдік оқу бағдарламаларын дайындауға және арнайы пән оқытушылары өндірістік оку шеберлерін тағылымдамадан өткізуге қатысады;
- Болашақ маман кажетті біліктілік пен еңбек дағыларына, кәсіби білімге ие болады, оған еңбек нарығында сұраныс деңгейі жоғарылайды.
Дуалды оқыту жүйесінін негізгі мақсаты - техникалық және кәсіптік оқу орындарында жұмыс беруші жеке сектордағы өндіріс, шаруашылық мекемелерімен серіктестік ретінде бірлесе отырып, жана инновациялық - технологиялық бағдарламаларды меңгеруге дайын жұмысшы мамандар даярлауды жетілдіру.
Біздің «Ғалым Жарылғапов атындағы Аграрлык колледжі» КММ-де дуалды окыту жүйесі 2021 – 2022 оқу жылынан бастап қолға алынды.
Алғашқы болып 07161300 «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығының Т-21 тобының 15 білім алушысы Жанаарқа ауданының «Жаңаарқа 2006» ЖШС-пен үш жақты келісім шартқа отырып, Қарағанда облысы «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының реестіріне тіркелген.
2023 -2024 оқу жылында жалпы білім базасында оқуға қабылданған 07230100 «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу» мамандығының ШД-23 тобында – 13 білім алушы «Аштаева К.Б.» ЖК үш жақты келісім шартқа отырып, Ұлытау облысы «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының реестіріне тіркелген.
2024-2025 оқу жылында 10 топтың 6 тобы дуалды оқыту бойынша білім алады, ол 60% құрайды, барлығы 57 білім алушы.
Дуальды оқыту боыйынша әлеуметтік серіктестер және білім алушылар саны
1 курс- 48 білім алушы:
- 06120100 «Есептеу техникасы және ақпараттық желілер (түрлері бойынша)» мамандығының ВТ-24 тобында – 13 білім алушы, ВТ-24/11 тобында – 12 білім алушы;
- 07161300 «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығының Т-24 тобында – 11 білім алушы;
- 07230100 «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу» мамандығының ШД-24 тобында – 12 білім алушы.
2 курс – 9 білім алушы:
- 07230100 «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу» мамандығының ШД-23 тобында – 9 білім алушы.
Оқу жылдар |
Білім алушылар саны |
Мамандықтар саны |
Кәсіпорын атауы |
2021-2022 |
15 |
07161300 Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану |
«Жанаарқа 2006» ЖШС КХ «Дулат» |
2022-2023 |
15 |
07161300 Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану |
«Жанаарқа 2006» ЖШС КХ «Дулат» |
2023-2024 |
15 |
07161300 Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану |
«Жанаарқа 2006» ЖШС |
13 |
07230100 Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу |
«Аштаева К.Б.» ЖК |
|
2024-2025 |
11 |
07161300 Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану |
«Жанаарқа 2006» ЖШС |
21 |
07230100 Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу |
«Аштаева К.Б.» ЖК |
|
25 |
06120100 Есептеу техникасы және ақпараттық желілер (түрлері бойынша) |
«Бекежанова Б.Ш.» ЖК |
Директордың ОӨ жөніндегі орынбасары Н. С. Абилова